Шығыс Қазақстан облысы туризм саласындағы негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсу динамикасын көрсетіп келеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңірде материалдық-техникалық базаның нығаюы мен инвестициялық белсенділіктің артуы байқалады.
Саланың негізгі көрсеткіштері:
Орналастыру инфрақұрылымын дамыту: орналастыру объектілерінің саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16,7%-ға артып, 447 бірлікті құрады (383 объект). Біржолғы сыйымдылық 5,8%-ға өсіп, 22,3 мың койко-орынға жетті.
Көрсетілген қызметтер көлемі: орналастыру объектілері көрсеткен қызметтер көлемі 23,8%-ға өсіп, 5,2 млрд теңгені құрады (2025 жылдың II тоқсанында — 4,2 млрд теңге).
Туристер ағыны: есепті кезеңде өңірге 195,6 мың адам келді, оның ішінде 188,9 мыңы — отандық туристер, 6,7 мыңы — шетелдік азаматтар.
Инвестициялық әлеует: Инвестициялар тарту бойынша жүйелі жұмыс шеңберінде іске асыру мерзімі 2030 жылға дейінгі жалпы сомасы 123,0 млрд теңгені құрайтын 30 жобадан тұратын өңірлік инвестициялық пул қалыптастырылды.
Ең маңызды жобалар қатарына мыналар кіреді:
Глубокое ауданында тау шаңғысы курортының құрылысы;
Өскемен қаласында «Hilton қонақүйі» көпфункционалды кешенінің құрылысы;
Катонқарағай ауданында «Ornek auyly» туристік аймағын және «Wellness Resort» санаторлық-сауықтыру кешенін салу.
Аталған жобаларды іске асыру өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, туристік инфрақұрылымды жетілдіруге және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.









