Алғашқы көмек — адам өмірін сақтап қалатын маңызды дағды!

    Павлодар облысы бойынша ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Полиция департаментінің Арнайы және кәсіби даярлық басқармасында «Жүрек тоқтаған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету. Жүрек-өкпе реанимациясы» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

    Шеберлік сабағын Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Темірбаев Ернар Мейрамбекұлы жүргізді.

    Сабақ барысында полиция қызметкерлері жүрек кенеттен тоқтаған жағдайда алғашқы көмек көрсетудің алгоритмдерімен танысып, маңызды теориялық білім алды. Сонымен қатар жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу дағдыларын тәжірибе жүзінде пысықтады.

    Мұндай сабақтардың маңызы ерекше. Өйткені төтенше жағдайда жылдам әрі дұрыс әрекет ете білу адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқаруы мүмкін.

    Әрбір секунд маңызды! Алғашқы көмек көрсету бойынша білім мен тәжірибелік дағдылар — бұл жай ғана кәсіби құзыреттілік емес, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін маңызды қабілет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары