Рухы мықтылардың мамандығы: павлодарлық студенттерге құтқарушылардың жұмысы көрсетілді

    1 / 8

    Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Жас сарбаз – ел қорғаны» атты интерактивті іс-шараға қатысып, студенттерді құтқарушылар қызметінің ерекшеліктерімен таныстырды.

    Кездесу барысында жастарға ТЖД қызметкерлерінің күнделікті жұмысы туралы ақпарат беріліп, арнайы киім-кешектері, заманауи жабдықтары мен төтенше жағдайларды жою және құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын техникалық құралдары көрсетілді.

    Іс-шараның басты мақсаты – жастарды патриоттық тәрбиелеу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ең күрделі сәттерде көмекке келуге дайын тұратын мамандарға деген құрметті қалыптастыру.

    Мұндай кездесулер жас ұрпаққа күштік құрылымдар қызметінің қыр-сырын жақынырақ танып, олардың жұмысын өз көзімен көруге мүмкіндік береді. Өйткені әрбір құтқару операциясының артында батылдық, сабырлылық және ең қиын жағдайларда да жедел әрекет етуге дайындық жатыр.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары