Екібастұз қаласының өрт сөндіру бөлімшелері қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру және практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында шынайы жағдайға барынша жақын ортада арнайы оқу-жаттығу сабақтары өткізілді.
Жаттығу барысында тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен жұмыс істеуге, көріну мүмкіндігі шектеулі жағдайда қозғалу, кедергілерден өту, сондай-ақ қойылған міндеттерді орындау кезінде жеке құрамның үйлесімді әрекет етуіне ерекше назар аударылды.
Мұндай сабақтар өрт сөндірушілердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, командалық өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдіруге және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Тұрақты жаттығу, кәсібилік және үйлесімді іс-қимыл – адамдарды құтқару мен өртті сөндіру міндеттерін табысты орындаудың негізі!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









