Павлодар қаласында өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша жиын өткізілді

    1 / 3

    Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері пәтер иелерінің мүлік бірлестігі (ПМИБ), пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) төрағаларымен және басқарушы компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді.

    Жиын барысында көппәтерлі тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, эвакуациялық жолдар мен шығу есіктерінің бос болуын қамтамасыз ету, өрт сөндіру құралдарының жарамдылығы және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсынымдар берілді.

    Өрт қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары