1 / 2
Бүгін Павлодар қаласындағы Академик Марғұлан көшесінде жеке тұрғын үй аумағында өрт шықты.
Құтқарушылар қосалқы құрылыста, үйдің шатырында және көрші гараждың шатырында болған өртті жедел сөндірді. Тілсіз жаумен күресу барысында гараж ішінен жеңіл автокөлік эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









