Павлодарда мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салды

    1 / 9

    Павлодар қаласындағы Құтқарушылар аллеясында мерзімді әскери қызметке аттанатын 28 жас жігітті салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

    Болашақ сарбаздарға қолдау көрсетуге туған-туыстары мен жақындары, достары, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, әскери бөлім өкілдері, сондай-ақ Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы келді.

    Шақырылушыларға ақжарма тілектер айтылып, зор денсаулық, қайсарлық, төзімділік және әскери қызметті абыроймен атқару тілектері білдірілді. Сөз сөйлегендер армиядағы қызмет әр азаматтың абыройлы міндеті ғана емес, сонымен қатар тәртіпке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелейтін маңызды мектеп екенін атап өтті.

    Жақын күндері 28 жас сарбаз Қарағанды қаласына аттанады. Онда олар Мартбек Мамраев атындағы № 52859 әскери бөлімде әскери қызметін өтейді.

    Жас павлодарлықтар үшін бұл – өмірлеріндегі жаңа кезеңнің бастауы, өздерін танытуға, пайдалы тәжірибе жинақтауға және азаматтық борышын өтеуге берілген мүмкіндік.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары