Профилактикалық іс-шараларды өткізу жөніндегі тақырыптық жоспар аясында Ертіс ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері әкімдік өкілдерімен бірлесіп, халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз өмір сүруді үйренеміз» акциясын өткізуде.
Акция барысында қызметкерлер аудан мектептеріне барып, оқушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізеді, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, өрт туындаған кездегі іс-қимылдарды және қауіпсіз эвакуациялау тәртібін үйретеді. Сондай-ақ балаларға күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндіріледі.
Акцияның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








