Павлодар қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

    1 / 6

    Павлодар қаласында ТЖМ бөлімшелерінің биік қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіру кезіндегі іс-қимылдарын пысықтауға бағытталған өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.

    Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, көпқабатты тұрғын үйде шартты өрт шықты. Бұл ретте өрт сөндіру техникасының ғимаратқа тікелей жақындап келу мүмкіндігі шектеулі болды.

    Жаттығу барысында өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардағы өртті сөндіруді ұйымдастыру, ұзақ қашықтыққа өрт жеңдерін тарту, сондай-ақ биіктікке судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету жұмыстарын пысықтады.

    Судың қажетті қысымын қалыптастыру және оны 16-қабатқа жеткізу үшін қосымша өрт мотопомпалары жұмылдырылды. Әсіресе өрт сөндіру техникасының ғимаратқа жақындау мүмкіндігі шектеулі жағдайдағы бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыруға және жеке құрамның үйлесімді әрекетіне ерекше назар аударылды.

    Мұндай оқу-жаттығулар құтқарушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды пысықтауға, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарының дайындық деңгейін тексеруге мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары