Алматы, 2026 жылғы 24 қараша- Алматы халықаралық әуежайында «NexttoYou» акциясының ресми іске қосылуы өтті. Аталған бастаманы гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы жаһандық «Белсенділіктің 16 күні» науқаны аясында «БҰҰ-Әйелдер» Қазақстандағы өкілдігі Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп ұйымдастырды.
Акция аясында әуежайдағы орындықтарғаQR-кодтары бар арнайы жапқыштар орналастырылды.QR-кодтар арқылы гендерлік зорлық-зомбылық туралы ақпарат, сондай-ақ қолдау қызметтері мен зардап шеккендерге көмек көрсететін ұйымдардың байланыс деректері қамтылған онлайн-платформаға қол жеткізуге болады.
Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің кеңісшісі Анар Дутбаева қатысты. Іс-шара барысында әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғаудың, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алудың, сондай-ақ құрметке, қолдау мен ынтымақтастыққа негізделген қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктірудің маңыздылығы атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








