Алматы, 2026 жылғы 20 қараша – Қазақстан Республикасына сапары аясында БҰҰ Университетінің ректоры, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Тшилидзи Марвала Алматы қаласына сапар жасалды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашовпен және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновпен бірге «UN Plaza» ғимаратына барып, БҰҰ хабының қызметімен, сондай-ақ қаланың бірқатар мәдени және білім беру нысандарымен танысты.
Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығына ерекше назар аударылды.
Сапар бағдарламасы Алматы қаласының әлеуетімен танысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы білім беру, ғылым және орнықты даму салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылауға бағытталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









