Нархоз университетінде «Mind for Peace» халықаралық академиялық және саяси диалогы өтті

    1 / 4

    Алматы, 2026 жылғы 4 қараша-Нархоз университетінде жаһандық басқарудың болашағы мен Орталық Азияның даму перспективаларына арналған «Mind for Peace» халықаралық академиялық және саяси диалогы өтті.

    Іс-шараға ҚР СІМ-нің Алматы қаласындағы Өкілдігі қатысты.Пленарлық сессия барысындаминистрлік өкілі сөз сөйлеп, Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, көпжақты ынтымақтастықты нығайту, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, C5+ форматын дамыту және Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетумәселелері бойыншаеліміздің ұстанымдарын баяндады.

    Диалогқа шетелдік жетекші сарапшылар, дипломатиялық корпус пен академиялық қоғамдастық өкілдері, соның ішінде БҰҰ-ның UN Chronicle журналының бас редакторы Рама Дамодаран, Жасанды интеллект саясаты жөніндегі Оксфорд бастамасының аға кеңесшісі әрі Multilateral AI ұйымының негізін қалаушыдиректорыСэм Доус, сондай-ақ Global Governance Institute ұйымының жасанды интеллектіні басқару бағдарламасының жетекшісі және Токио халықаралық университетінің халықаралық қатынастар профессоры Кристофер Ламонт қатысты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі" жаңалықтары