Алматы, 2026 жылғы 12 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Польша Республикасының Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдауға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Қазақстандағы Польша Республикасының Уақытша Сенімді өкілі Михал Лабенда да құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Польша арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Польша арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.