КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР «КҮМІС АЛҚА» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

    1 / 6

    КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР «КҮМІС АЛҚА» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 13 қазандағы №1524 Жарлығына сәйкес, алты және жеті бала туып, тәрбиелеп өсірген көпбалалы аналар «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапатталды.

    Салтанатты рәсімде аудан әкімі Н.Мусин марапат иелерін құттықтап, аналарға наградаларын табыстады.

    Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Насимуллин сөз сөйлеп, көпбалалы аналарды қуанышты сәттерімен құттықтады.

    Мемлекет тарапынан көрсетілген жоғары құрметке Исатай ауданының алты тұрғыны ие болды. Атап айтқанда, Исатай ауылынан – А. Абилова мен Ж. Қадыржанова, Жанбай ауылынан – А. Алдиярова, Аққыстау ауылынан – А. Акмурзиева, Тұщықұдық ауылынан – М. Мамаева мен Р. Шолтахаева.

    Ана – отбасының ұйытқысы, ұрпақ тәрбиесінің негізі. Көпбалалы аналардың еңбегі мен өнегесі әрдайым құрметке лайық.

    Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына амандық, ұрпақтарының қызығын көруді тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Исатай ауданының әкімдігі" жаңалықтары