ИСАТАЙ АУДАНЫНДА 80 ОРЫНДЫҚ «ТОМАН» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ АШЫЛДЫ

    ИСАТАЙ АУДАНЫНДА 80 ОРЫНДЫҚ «ТОМАН»

    БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ АШЫЛДЫ

    Бүгін Исатай ауданында Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөліміне қарасты 80 орындық «Томан» бөбекжай-бақшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

    Салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ж. Жанұзақов, облыстық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Д. Тілепберген қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтады. Аудан әкімі Нұрым Мусин құттықтау сөз сөйлеп, жаңа балабақшаның ел игілігіне қызмет етуіне тілектестігін білдірді.

    Салтанатты рәсімде бөбекжай-бақшаның лентасын аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз Е. Насимуллин мен ауыл тұрғыны Т. Рахметқалиева қиды. Ал нысанның алтын кілті «Томан» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі А.Серікқалиқызына табысталды.

    Заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа бөбекжай-бақша бүлдіршіндердің сапалы тәрбие мен білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Исатай ауданының әкімдігі" жаңалықтары