1 / 3
ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ
Ұстаздар күніне орай Жанбай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, Х. Нәубетов атындағы орта мектептің қолдауымен ұстаздарға арналған ерекше мерекелік шара өтті.
Мерекелік шара барысында 400-ге жуық оқушы өз ұстаздарына деген құрметі мен алғысын ән арқылы жеткізді.Оқушылар ұстаздарға арнап ән шырқап, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Шәкірттердің ыстық ықыласы мен шынайы ризашылығы ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік кештің мазмұнын айшықтай түсті.
Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге!









