ТҰЩЫҚҰДЫҚ АУЫЛЫНДА БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

    ТҰЩЫҚҰДЫҚ АУЫЛЫНДА БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

    Бүгін Тұщықұдық ауылында Шәмшиден Шәріпов атындағы балалар “Өнер мектебінің” ашылу салтанаты өтті.

    Салтанатты шарада аудан әкімі Н.Мусин құттықтау сөз сөйлеп, жаңа өнер ошағының жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдаудағы маңыздылығына тоқталды.

    Сонымен қатар, облыстық білім беру басқармасының басшысы М.Абуов ізгі тілегін білдірсе, аудан тұрғындары атынан ардагер ұстаз Қ.Қаюмова сөз сөйлеп, игі бастамаға қолдау білдірген азаматтарға алғысын жеткізді.

    Жаңа нысанның салтанатты лентасын қию құрметі мемлекеттік қызмет ардагері М.Насиханов пен ардагер ұстаз

    Ж.Бисенғалиеваға берілді.

    Өнер мектебі ауыл балаларының шығармашылық әлеуетін дамытуға, өнерге деген қызығушылығын арттыруға және жас таланттардың қанат жаюына жаңа мүмкіндіктер береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Исатай ауданының әкімдігі" жаңалықтары