ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗ ЖІБЕГІ МЕРУЕРТ ӨТЕКЕШОВА ИСАТАЙ АУДАНЫНДА

    ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗ ЖІБЕГІ МЕРУЕРТ ӨТЕКЕШОВА ИСАТАЙ АУДАНЫНДА

    Исатай ауданында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, қазақ өнерінің көрнекті өкілі, халқымыздың жадында Қыз Жібек бейнесімен сақталған Меруерт Өтекешовамен кездесу кеші өтті.

    Кеш барысында аты аңызға айналған әнші Мұнира Ижанова «Қыз Жібек» фильмінде шырқалған әйгілі «Гәкку» әнін орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

    Меруерт Өтекешова өнер жолындағы өнегелі ғұмырынан сыр шертіп, шығармашылық жолындағы естеліктерімен бөлісті. Қазақ киносының алтын қорынан орын алған «Қыз Жібек» фильмінің түсірілімі, фильмдегі кейіпкерлердің тағдыры мен өнердегі өмір жолы туралы әңгімелері көрермендердің қызығушылығын оятып, рухани әсерге бөледі.

    Кездесу соңында аудан әкімі Н. Мусин сөз сөйлеп, қазақ өнерінің көрнекті өкіліне құрмет көрсетіп, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарын табыстады.

    Тағылымы мол кездесу ұлттық өнерді ұлықтап, қазақ киносының асыл мұрасын дәріптеуге, мәдени құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізуге бағытталған мазмұнды мәдени шара болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Исатай ауданының әкімдігі" жаңалықтары