ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «USTAZFEST – 2026» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
5 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жалын» мәдениет үйінде Ұстаздар күніне орай «USTAZFEST – 2026» фестивалі өтті.
Мерекелік шара аясында ұстаздар қолөнер бұйымдары, химиялық тәжірибелер, STEM жобалары мен кітапхана көрмесін тамашалады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әзірлеген фотозоналар мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Фестивальді аудан әкімі Нұрым Бекежанұлы Мусин құттықтау сөзімен ашып, бірқатар ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің грамоталары мен облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарын табыстады. Аудандық білім бөлімінің құттықтау хаттарын бөлім басшысы Гүлайна Махмудақызы, ал қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан педагогтерге құттықтау хаттарды аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қ. Рамазанұлы мен аудандық полиция бөлімінің бастығы Манарбек Ғаділбекұлы табыстады.
Мерекелік кеш барысында «Дәстүр үні» әжелер ансамблі мен аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, Ш. Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің оркестрі музыкалық сүйемелдеумен кештің шымылдығын ашты.
Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, елдің ертеңін қалыптастыратын тұлға. Ұстаз еңбегінің жемісі – шәкіртінің жетістігі.









