2026 жылғы 15 қазанда 9–10-сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі өтеді.
Конкурстың мақсаты — оқушылардың туған өлке тарихына қызығушылығын арттыру, өлкетану зерттеулерін жүргізу, тарихи дереккөздерді іздеу, талдау және салыстыру, негізделген қорытындылар жасау және зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында таныстыру дағдыларын дамыту.
Конкурс екі турдан тұрады:
• І тур — smart.daryn.kz платформасында тестілеу;
• ІІ тур — қатысушының зерттеу немесе жобалық жұмысы.
Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі:
• «Өлкемнің цифрлық шежіресі»;
• «Бір жәдігер – бір тарих»;
• «Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портреті»;
• «Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім».
Қатысушылар — білім беру ұйымдарының 9 және 10-сынып оқушылары.
Қатысушыларға сәттілік және жоғары нәтиже тілейміз!






