Қазақстанда ұзақ уақыт бойы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген азаматтар үшін арнайы әлеуметтік төлем қарастырылған.
Бұл төлемге кім құқылы?
Негізгі шарттар-55 жасқа толу және жиынтығында кемінде 84 ай, яғни жеті жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу.
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар үшін төлем төрт көзден қарастырылған.
Біріншісі-республикалық бюджеттен арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы.
Екіншісі-зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі.
Үшіншісі-жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіби төлем.
Төртінші-Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемі.
Бұл ретте зиянды еңбек жағдайларында жұмысты тоқтату немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыру міндетті шарт болып табылады. Бұл төлемдер үшін проактивті тағайындау, яғни ұйымның кадрлық қызметі арқылы қарастырылған.
Бұрын зиянды жағдайларда жұмыс істеген, бірақ қазіргі уақытта мұндай жұмыстармен айналыспайтын азаматтар үшін 55 жасқа толу және жиынтығында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу шарттары сақталған жағдайда екі төлем көзделген: арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы Қорынан зейнетақы төлемі. Оларды тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.
Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеу алушы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.
Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарды әлеуметтік қорғау құқығы
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар
Мақтаарал ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша конкурс қорытындыланды
Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратыАшу
Шетелдегі отандастар арасында өтетін «OQ Startup» үздік жобалар шығармашылық байқауы туралы
Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Братиславада өткен Asian Day фестивалінде Қазақстанның ұлттық мәдениеті тағы бір қырынан танылды
Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Қазақстан мен Қырғызстанның қорғаныс министрлері Шолпан-Атада кездесті
ҚР ҚМАшу
Еңбек инспекциясы департаменті, «МАК» ӨСК» АҚ өкілдерінің, сондай-ақ «Kokjiek» ТҮК құрылыс объектісінің мердігер ұйымдарының қатысуымен кездесу өтті
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіАшу
""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары

Неліктен жұмыс берушіге мүгедектік туралы хабарлау маңызды?
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіАшу
Кәсіптің бастауында: өмірін адамдарға қызмет етуге арнаған адам
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіАшу
Уақытша болу жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіАшу
Медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарымен түсіндіру жұмыстары
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіАшу
Департамент қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіАшу