Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі

    1 / 3



    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдаудың маңызды шараларының бірі – оларды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.

    Жеке бас гигиенасы мен күтім құралдарын қажет ететін мүгедектігі бар адамдар медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер ескеріле отырып әзірленген жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен қажетті құралдарды тегін алуға құқылы.

    Гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге өтінішті электрондық үкіметтің eGov.kz порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы беруге болады.

    Өтініш тіркелгеннен кейін мәліметтер «Е-Собес» жүйесіне жіберіліп, алушы электрондық кезекке қойылады.

    SMS-хабарлама келгеннен кейін өтініш беруші Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өзіне қажетті гигиеналық құралдар мен өнім берушіні таңдап, тапсырысты рәсімдеуі қажет.

    Міндетті гигиеналық құралдар заңнамада көзделген түрлер, қамтамасыз ету мерзімдері және кепілдік берілген құн шегінде тегін ұсынылады.

    Мысалы, жөргектер, несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар және сіңіргіш жаймалар жылдық норма шегінде тоқсан сайын беріледі. Ал санитариялық бөлмелерге арналған тірек болатын қайырмалы тұтқалар мен жуыну бөлмелеріне арналған тұтқалар бес жылда бір рет ауыстырылады.

    Гигиеналық құралдардың қолжетімді болуы – бұл тек тұрмыстық жайлылық мәселесі ғана емес. Бұл – адамның денсаулығы, қадір-қасиеті, дербестігі мен өмір сүру сапасына қатысты маңызды мәселе.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары