5 және одан да көп бала туған (асырап алған) әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі.

    ҚазақстанРеспубликасында көп балалы аналар үшін арнайы әлеуметтік кепілдік көзделген — бұрын жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығы.

    ҚазақстанРеспубликасы Әлеуметтік кодексінің 207 - бабының 3 - тармағына сәйкес 5 және одан да көп бала туып (асырап алған ) және оларды сегіз жасқа толғанға дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғаннан кейін жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқығы бар.

    КІМНІҢЕРТЕ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУҒА ҚҰҚЫҒЫ БАР?

    Зейнетақытөлемдерін тағайындау үшін келесі шарттарды сақтау қажет:

    🔹53 жасқа толу;

    🔹бес және одан да көп баланың тууы не асырап алуы;

    🔹сегіз жасқа толғанға дейін балалардың әрқайсысын тәрбиелеу;

    🔹1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай еңбек өтілінің болуы.

    ҚАНДАЙЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ?

    Белгіленгеншарттар сақталған жағдайда 53 жастан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемі (ынтымақты зейнетақы) тағайындалады.

    Төлем мөлшері 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс істеген еңбек өтіліне және 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап қатарынан кез келген үш жылдағы орташа айлық табысқа байланысты.

    Мемлекеттікбазалық зейнетақы төлемі жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін тағайындалады.

    ЗЕЙНЕТАҚЫНЫҚАЛАЙ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ ?

    Зейнетақытөлемдерін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) өтінішпен және қажетті құжаттармен жүгіну қажет.

    Қажетболған жағдайда растайтын құжаттарды ұсыну қажет:

    🔹еңбекөтілі;

    🔹бес және одан да көп баланың тууы (асырап алуы ) ;

    🔹балаларды сегіз жасқа толғанға дейін тәрбиелеу.

    БІЛУМАҢЫЗДЫ!

    Мерзімінен бұрын зейнетақымен қамсыздандыру құқығы заңнамада белгіленген шарттарды сақтай отырып, бес және одан да көп бала туған әйелдерге ғана емес, бес және одан да көп бала асырап алған әйелдерге де қолданылады .

    Бұлретте 53 жасқа толу және зейнетақы төлемдерін тағайындау әйелді еңбек қызметін тоқтатуға міндеттемейді.

    Көп балалы аналарға қамқорлық жасау және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету — мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары