"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ

    Жалпы ақпарат

    Құрметтібіздің сайтқа келушілер!

    Департамент Қостанай облысының аумағында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департаменттің міндеті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Департамент «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірлесіп, республикалық бюджет қаражатынан барлық зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауды жүргізеді. Облыстың медициналық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау кезінде Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері мүгедектікті белгілейді және мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлейді. Мемлекеттік бақылау шеңберінде біз мүгедек адамдардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеміз және қандайда бір бұзу шылықтар анықталған кезде оларды қалпына келтіру жөнінде қажетті шаралар қолданамыз.

    Департаменттің басты міндеттерінің бірі - халыққа мемлекеттік қызмет көрсету. Бүгінгі таңда Департаментпен 16 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

    Тұрақты негізде біз Департамент қызметінің бағыттары бойынша облыс тұрғындары арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, құзыреті шеңберінде кез келген қызықтыратын мәселелер бойынша халықпен кездесулер өткіземіз және азаматтарды қабылдауды жүзеге асырамыз.

    Біздің басты мақсатымыз – азаматтарымыздың әлеуметтік тұрақтылығы мен әл-ауқаты!

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    "Е-Otinish" АЖ бойынша тіркеуші Т. В. Дулина департамент қызметкерлерімен Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Ашу

    "Социал-демократия – өмір сапасы" дөңгелек үстеліне қатысу

    Ашу

    Департамент қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары

    Ашу

    Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу тәртібі

    Ашу

    Қостанай облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің департаментінің 2026 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары

    Ашу

    Қостанай облысының өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің қатысуымен Allur зауытының алаңында Allur, "АгромашХолдинг", "Технопарк", Kia және "Камлит" Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның жаңа тарихи циклдегі өзекті міндеттері"атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Мүгедектік бойынша жәрдемақы алып, жұмыс істей аламын ба?

    Жауап

    Мүгедектігі бойынша жәрдемақы жәрдемақы алуға өтініш берген уақытта жұмыс тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан, мүгедектік туындаған жағдайда тағайындалады. Жұмыс істейтін мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.

    Сұрақ

    Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және мүгедектігі бойынша жәрдемақыны бір мезгілде алуға кім құқылы?

    Жауап

    Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды бір мезгілде алу мүгедек балаларға бір немесе екі ата-анасының қайтыс болуына байланысты көзделген, Заңның осы нормасы 2021 жылғы 24 қазаннан бастап қолданылады.

    Сұрақ

    Мен университетте күндізгі оқу бөлімінің екінші курс студентімін және асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы аламын. Егер мен жұмысқа орналассам, маған жәрдемақы төлеу тоқтатыла ма?

    Жауап

    Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу, егер мемлекеттік жәрдемақы алатын студент оқу орнынан шығарылған немесе сырттай оқу нысанына ауыстырылған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.

    Сұрақ

    Мен екінші топтағы мүгедекпін, мен 60 жастамын, қазіргі уақытта жұмыс істеймін, бірақ менің жалақымнан міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды. Бұл заңды ма?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 24-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, I және II топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірақ қызметкердің өтініші бойынша жұмыс беруші қызметкердің ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын ұстай алады.

    Сұрақ

    Менің төрт балам бар, көп балалы отбасыма мемлекеттік жәрдемақы аламын, үлкен қызым желтоқсан айында он сегіз жасқа толады, ол колледжде күндізгі бөлімде оқиды, бірақ басқа қалада тұрады және оқиды. Бала кәмелетке толғаннан кейін жәрдемақы алуға құқығым бар ма?

    Жауап

    Сіздің қызыңыз кәмелеттік жасқа толғаннан кейін сіз көп балалы отбасына жәрдемақы алу құқығын жоғалтпайсыз, өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалар, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) бірге тұру фактісіне қарамастан, отбасы құрамында ескеріледі.

    Сұрақ

    Зейнетақы төлемдері маған 07.10.2021 жылдан бастап тағайындалды. Зейнетақы тағайындау үшін мен 2018 жылғы шілде мен 2021 жылғы маусым (үш жыл қатарынан) аралығындағы табыс туралы анықтама бердім, егер мен басқа кезеңдегі (2021 жылғы маусым-қыркүйек) табыс туралы анықтаманы қосымша ұсынсам, маған зейнетақыны қайта есептеу жүргізіле ме?

    Жауап

    Қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бұрын табыс етілген қосымша табыс туралы құжаттарды ұсынған кезде қосымша табыс етілген құжаттар бойынша орташа айлық табыс кезеңі жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері есептелген бастапқы табыс етілген орташа айлық табыс кезеңіне сәйкес келуге тиіс.

    Статистика

    «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бағыты бойынша қызметінің 2026 жылдың қантар-қазан көрсеткіштері

    1. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру 1.1. Халық саны 821 464адам 1.2.Төлемдералушылар Санаттары: - зейнеткерлер-145 026адам. - жасына байланысты зейнетақы төлемдері –145 026; - базалық зейнетақы төлемі -141 380; - мүгедектігі бойынша жәрдемақы -20531адам. - асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы- 7904адам. - №1тізім -12адам, №2тізім-0 адам. - АМЖ-7 950адам. - экологиялық үстемеақы-0 адам. - 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы-2595адам. - 18 жасқа дейінгі мүгедектерге күтім жасау бойынша жәрдемақы-3910адам. - 1 топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы-3219адам. - көпбалалы аналар – 5083адам. - көпбалалы отбасылар- 8754адам. 1.3. Істерді қарау Барлығы:77 488,2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда3% аз; Жаңа тағайындаулар:42 129(2025 жылмен салыстырғанда динамика1% аз) Қайта қарау: 33 989 (2025 жылмен салыстырғанда динамика 1% аз) Бас тарту: 1370(2025 жылмен салыстырғандадинамика 2 есеаз).

    Жарияланды:
    Басқа

    «ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

    перечень коррупц рисков гос.docx

    Жарияланды:
    Статистика

    2026 жылғы 9 айдағы мүгедектікті талдау

    «Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті»РММ медициналық-әлеуметтік сараптама бағыты бойынша қызметінің көрсеткіші 2026 жылғы9айдағы мүгедектікті талдау(01.01.2026 жылдан30.09.2026 жылға дейін) 1.Мүгедектіктің жалпы көрсеткіштері Куәландырылғанадамдардың жалпы саны: 7270 (өткенжылдың ұқсас кезеңінде: 7292) Алғашрет куәландырылды: 1852 - жалпы санның үлесі: 25,5% Мүгедектігі бар адамдар деп танылды: 6140 -танылғандардың үлесі: 93,4% Қарқындыкөрсеткіш: 10 мың тұрғынға 21 2.Алғаш рет танылған жас құрылымы - еңбекке қабілетті жас: 907 (64,4%) -зейнеткерлік жас: 501 (35,6%) -балалар: 375 (21%) 3.Бастапқы және қайталама мүгедектік Алғаш рет танылған: 1783 Қайта куәландырылған: 5418 (өткенжылдың ұқсас кезеңінде: 1877 / 5344) 4.Бастапқы мүгедектік құрылымы 4.1Ересектер жалпысаны: 1408 Үздік-5нозологиялық форма: 1.Онкологиялық аурулар – 476 (33,8%) 2.Қан айналымы жүйесінің аурулары – 383 (27,2%) 3.Психикалық бұзылулар – 93 (6,6%) 4.Көз аурулары және оның қосымшалары– 74 (5,3%) 5.Жарақаттар – 73 (5,2 %) Өткен жылмен салыстыру: 2026 жылғы 9 айдағы ересектердің бастапқы мүгедектік құрылымында 2025 жылғы 9 аймен салыстырғанда 0,6% -ғаұлғайтубайқалады. 4.2Балалар саны Жалпысаны:375 Үздік-3нозологиялық форма: 1.Психикалық бұзылулар –186(49,6%) 2.Туа біткен ауытқулар – 55 (14,7%) 3.Жүйке жүйесінің аурулары – 46 (12,3%) Өткен жылмен салыстыру: 2026 жылғы 9 айдағы балалардың бастапқы мүгедектік құрылымында 2025 жылғы9аймен салыстырғанда 0,6% -ғатөмендеу байқалады. 5.Оңалту көрсеткіштері Толықоңалту: 360 – 7,6% (өткенжыл: 366 – 7,9%) Ішінара оңалту: 319 – 13,9% (өткен жыл: 315 – 14,4%) Жағдайдыңауырлығы: 290 – 6,8% (өткенжыл: 310 – 7,7%) 6.Сырттайкуәландыру Сырттайкуәландыру саны:3940 Жалпысанның үлесі: 54,2%

    Жарияланды:
    Құжат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картограммасы

    Картограмма кор.рисков (1).docx

    Жарияланды:
    Анықтама

    «Қостанай облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Аналитическая справка 2024 год (гос.язык).docx

    Жарияланды:
    Жоспар

    «Қостанай облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті «РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлардың себептерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    План меропр 24г (гос.язык).docx

    Жарияланды: