Медициналық-әлеуметтік сараптама медициналық ұйымның, яғни сіздің емханаңыздың жолдамасы бойынша жүргізіледі. Ең алдымен науқас , учаскелік дәрігерге жүгінеді, дәрігер қажетті тексерулер мен кеңестерді тағайындайды. Тексерудің барлық нәтижелерімен бірге дәрігерлік-консультативтік комиссия медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін көрсетңлімдердің бар-жоғын қарайды және анықтайды.
Дәрігерлік-консультативтік комиссия медициналық-әлеуметтік сараптамаға көрсеткіштің болуы немесе болмауы туралы мәселені қарайды. Егер көрсеткішкер болса, дәрігер медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама ресімдейді.
Заңнамада көзделген медициналық - әлеуметтік сараптамаға жолдама диагноз қойылғаннан кейін төрт айдан ерте болмауы тиіс. Бұл организмнің функционалдық бұзылыстарының тұрақтылығын растау үшін қажет, бұл өмірдің шектелуіне әкеледі. Жұмыс істейтін адамдар үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы кем дегенде 120 күн ашық бооув тиіс.
Қайта куәландыру кезінде медициналық ұйым адамды қайта куәландырудың белгіленген мерзімін ескере отырып, медициналық - әлеуметтік сараптамаға жібереді.
Адамдарды медициналық - әлеуметтік сараптамаға жіберу кезінде медициналық тексерудің толықтығын, көлемін, негізділігін, медициналық есепке алу құжаттамасын ресімдеу мерзімдері мен сапасын бақылауды жіберген медициналық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының төрағасы қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









