Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету

    Протездік-ортопедиялық құралдар — ауру немесе жарақат салдарынан бұзылған немесе жоғалған организм функцияларының орнын толтыруға арналған құралдар.

    Мұндай бұйымдарға протездер, ортопедиялық аяқ киім, аппараттар, корсеттер, туторлар, балдақтар, таяқтар, жүріс арбалары және басқа да құралдар жатады.

    Мүгедектігі бар адамдарға мемлекет есебінен ұсынылатын барлық құралдар «Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнайы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышында» көзделген.

    Протездік-ортопедиялық көмек жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасының әлеуметтік бөлігінде тиісті ұсынымдары бар мүгедектігі бар адамдарға көрсетіледі.

    Нақты құралды таңдау және ұсыну жеке медициналық көрсетілімдер мен ұсынымдарды ескере отырып жүзеге асырылады.

    Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдар алынған құралдарды ауыстыруға құқылы. Әрбір бұйым түрі бойынша мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету қағидаларында оны ауыстырудың жеке мерзімдері белгіленген. Аталған мерзімдер бұйым алынған күннен бастап есептеледі.

    Құралды алу немесе ауыстыру үшін мүгедектігі бар адам электрондық үкімет порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіне алады.

    Құралдармен қамтамасыз ету Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы немесе мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары