Мен екінші топтағы мүгедекпін, мен 60 жастамын, қазіргі уақытта жұмыс істеймін, бірақ менің жалақымнан міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды. Бұл заңды ма?
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 24-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, I және II топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірақ қызметкердің өтініші бойынша жұмыс беруші қызметкердің ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын ұстай алады.