Зейнетақы төлемдері маған 07.10.2021 жылдан бастап тағайындалды. Зейнетақы тағайындау үшін мен 2018 жылғы шілде мен 2021 жылғы маусым (үш жыл қатарынан) аралығындағы табыс туралы анықтама бердім, егер мен басқа кезеңдегі (2021 жылғы маусым-қыркүйек) табыс туралы анықтаманы қосымша ұсынсам, маған зейнетақыны қайта есептеу жүргізіле ме?
Қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бұрын табыс етілген қосымша табыс туралы құжаттарды ұсынған кезде қосымша табыс етілген құжаттар бойынша орташа айлық табыс кезеңі жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері есептелген бастапқы табыс етілген орташа айлық табыс кезеңіне сәйкес келуге тиіс.