Зейнетақы тағайындау кезіндегі еңбек өтіліне бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау кезеңі қосыла ма?
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты кезең есептеледі. Кезең сот шешімімен расталады.