Қостанай облысының өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің қатысуымен Allur зауытының алаңында Allur, "АгромашХолдинг", "Технопарк", Kia және "Камлит" Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның жаңа тарихи циклдегі өзекті міндеттері"атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті.

    1 / 5

    Қостанайда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның жаңа тарихи циклдегі өзекті міндеттері»атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кездесулер жалғасуда.

    Кезекті кездесу Қостанай облысының өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің қатысуымен Allur, «АгромашХолдинг», «Технопарк», Kia және «Камлит» зауытының алаңында өтеді.

    Іс-шараларға Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Е. Әбіл, А. Лаврентьев,Г. Шиповских, Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі С. Жаркешов, Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс Министрлігі өнеркәсіп Комитетінің төрағасы А. Панбаев,Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау КомитетініңҚостанай облысы бойыншадепартаментініңбасшысыА.Мекебаева, сондай-ақ өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

    Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі ережелері, экономикалық және өнеркәсіптік даму, отандық өндірісті қолдау, әлеуметтік саясатты жетілдіру және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері басты назарда.

    Кездесу аясында Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді талқылау, ашық пікір алмасу және кәсіпорын қызметкерлерінің сұрақтарына жауаптар қарастырылған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары