Қостанайда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның жаңа тарихи циклдегі өзекті міндеттері»атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кездесулер жалғасуда.
Кезекті кездесу Қостанай облысының педагогикалық қоғамымен Береке шағын ауданындағы «Келешек мектеп» мектебінің базасында өтеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының құрылтай депутаты Е. Смышляева, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Т. Кунадилов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Е. Сагнаев, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің төрағасы И. Скуб, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы А. Бегатаров, педагогикалық қоғам өкілдері және білім беру саласының қызметкерлеріқатысады.
Реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету, экономикалық даму, әлеуметтік саясатты жетілдіру, білім беру жүйесін дамыту, оқыту сапасын, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасау басты назарда.
Кездесу аясында Мемлекет басшысы белгілеген негізгі міндеттерді талқылау, ашық пікір алмасу және қатысушылардың сұрақтарына жауаптар қарастырылған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









