Қостанай облысы полиция департаментінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның жаңа тарихи циклдегі өзекті міндеттері"атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті.

    1 / 4

    Қостанайда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның жаңа тарихи циклдегі өзекті міндеттері»атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кездесулер жалғасуда.

    Кезекті кездесу Қостанай облысының полиция Департаментінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен өтеді.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасының құрылтай депутаты Е. Смышляева, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Т. Кунадилов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Е. Сагнаев, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің төрағасы И. Скуб, Қостанай облысы полиция Департаментінің бастығы полиция генерал-майорыЕ. Файзуллин қатысады.

    Реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету, экономикалық даму, әлеуметтік саясатты жетілдіру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту басты назарда.

    Кездесу аясында Мемлекет басшысы белгілеген негізгі міндеттерді талқылау, ашық пікір алмасу және қатысушылардың сұрақтарына жауаптар қарастырылған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары