Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында Қостанай облысының ғылыми жұртшылығымен кездесу өткізіледі.

    1 / 5

    Бүгін, 2026 жылғы 5 қарашада Қостанайда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша облыс тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізілуде.

    Іс-шараларға Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Е. Әбіл, А. Лаврентьев,Г.Шиповских, Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі С. Жаркешов, Қазақстан Республикасыөнеркәсіп және құрылыс Министрлігі өнеркәсіп Комитетінің төрағасы А. Панбаев, Қазақстан Республикасының Еңбек жәнехалықтыәлеуметтік қорғау Министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау КомитетініңҚостанай облысы бойыншадепартаментініңбасшысыА. Мекебаева,сондай-ақ мемлекеттік органдардың, жұртшылық пен еңбек ұжымдарының өкілдеріқатысады.

    Сапар аясындаА.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында Қостанай облысының ғылыми жұртшылығымен кездесу өткізіледі.

    Мемлекет басшысының «Қазақстанның жаңа тарихи циклдегі өзекті міндеттері» Жолдауының негізгі ережелерін, экономикалық және өнеркәсіптік даму, мемлекеттік бастамаларды іске асыру және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелерін талқылауға басты назар аударылады.

    Кездесу барысында ашық диалог, пікір алмасу және өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау көзделген.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары