АИТВ-ның алдын алу: ақпараттандырудан нақты көмекке дейін.

    1 / 4

    «Ритм» қоғамдық қоры «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ тапсырысы бойынша «Халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасын жүзеге асырды.

    Жобаның негізгі мақсаты — Қостанай облысында АИТВ инфекциясының таралу қаупін азайту, халықтың хабардарлығын арттыру, АИТВ-ның алдын алу және диагностикалау қызметтеріне қолжетімділікті кеңейту.

    Жобаны іске асыру кезеңінде халықтың негізгі топтарынан 673 адам профилактикалық іс-шаралармен қамтылды.

    АИТВ-ның алдын алу жолдары мен тексеруден өту мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге ерекше көңіл бөлінді. Қажетті қызметтерді алу үшін халықтың негізгі топтарының өкілдері облыстық ЖИТС орталығының Достық кабинетіне жіберілді.

    Жобаның маңызды бағыттарының бірі ақпараттық-ағартушылық жұмыс болды.

    Жоба аясында LED-экрандарда көрсету үшін қазақ және орыс тілдерінде ұзақтығы 30 секундтық екі әлеуметтік бейнеролик әзірленді.

    Пациенттердің қатысуымен төрт подкаст шығарылып, ұзақтығы 15 минуттық екі деректі фильм дайындалды.

    Жобаның жүзеге асырылуы Қостанай облысында АИТВ инфекциясының алдын алуға, халықтың хабардарлығын арттыруға және медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге өз үлесін қосты.

    Әрбір адамның өмірлік жағдайына қарамастан, сенімді ақпарат алуға, уақтылы тексеруден өтуге, айыптау мен кемсітушіліктен қорықпай, қажетті көмекке жүгінуге мүмкіндігі болуы маңызды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары