Сәтбаевта «IDEA lab» инновациялық жобалар байқауы өтті

    Сәтбаев қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында «IDEA lab» инновациялық жобалар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — жаңа идеяларды қолдау, инновациялық жобалар арқылы білім сапасын арттыру және заманауи тәжірибелерді насихаттау.

    Байқау «Зерде» әлеуметтік-педагогикалық жобасы, «Үздік педагогикалық өнім» және «STEM білім беру» бағыттарын қамтыды.

    Көрмеде білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйымдар стартап-идеялар, макеттер мен модельдер, робототехника жобалары, мобильді қосымшалар мен веб-сайттар, бейнероликтер мен анимациялық таныстырылымдар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері, цифрлық өнімдер, экологиялық және әлеуметтік жобалар, білім беру ойындары, интерактивті тапсырмалар мен дидактикалық материалдар ұсынды.

    Қазылар алқасы жұмыстармен танысып, үздік жобаларды анықтады. Қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Байқау тәжірибе алмасуға және инновациялық бастамаларды дамытуға мүмкіндік берді. Іс-шара туралы ақпарат білім бөлімінің парақшасында 14 мамырда жарияланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ" жаңалықтары