Жұмыс кездесуі

    1 / 3

    Бүгін Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Самашев Жанболат Алматы облысы Заң кеңесшілері Бас палатасының төрағасы Мухтар Байкуловтың қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.

    Кездесудің негізгі тақырыбы мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы өзекті мәселелер, өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың қажетті ақпарат пен атқарушылық іс материалдарына жедел қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған «Атқарушылық іс жүргізу дің Т араптар кабинеті» мобильдік қосымшасының функционалдық мүмкіндіктері, сондай-ақ тиісті бағыттар бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру болды.

    Талқылау барысында заң кеңесшілерінің практикалық қызметі, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібі, заң көмегіне жүгінген азаматтармен өзара іс-қимыл, сондай-ақ құқық қолдану практикасының ерекшеліктері қаралды. Сонымен қатар мобильдік қосымшаны заң кеңесшілерінің пайдалануының практикалық аспектілері, хабарламаларды уақтылы алу, атқарушылық іс жүргізу барысымен танысу және сот орындаушыларымен өзара іс-қимылдың ыңғайлылығын арттыру мәселелері талқыланды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мемлекет кепілдік берген заң көмегінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етудің, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары