Әділет кеңес береді

    1 / 2

    📌«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: «ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРҒА ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

    Алматы облысы Әділет департаментінің Талғар ауданыныңмәжбүрлеп орындатуаумақтықбөлімі филиалы,Алматы облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілдерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясындаТалғар ауданының Кеңдала ауылдық округінде«Әділет кеңес береді» акциясын өткізді. Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және заңға деген құрметті нығайтуға бағытталған.

    Іс-шарабарысында азаматтарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңестер берілді. Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар нотариаттық және адвокаттық қызметке, атқарушылық ісжүргізуге және заң көмегін көрсетудің өзге де бағыттарына қатысты мәселелер қаралды.

    Халықты құқықтық ақпараттандыруға, бұзылған құқықтарды қорғаудың заңнамада көзделген тетіктерін түсіндіруге, сондай-ақ туындаған құқықтық мәселелерді заңды жолмен шешуге жәрдемдесуге ерекше назар аударылды.

    Алматы облысының Әділет департаменті құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

    Заң және тәртіп — әділетті әрі құқықтық қоғамның негізі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары