1 / 3
Ағымдағы жылдың 6 қараша күні Талғар ауданының аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі филиалы «Тегін заң көмегі күні» акциясы аясында Талғар ауданының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлерінің қатысуымен азаматтарға қабылдау өткізді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Акция барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша тегін заң көмегі көрсетіліп, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының адвокаттық және нотариаттық қызмет бағыттарына қатысты өзекті мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, азаматтарға заңнама талаптарын сақтау және өз құқықтарын қорғау тәртібі жөнінде кеңестер ұсынылды.
Аталған іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.