Құтқарушылар профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Күзгі-қысқы кезеңнің басталуына байланысты Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері балық аулау әуесқойларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Кездесу барысында балықшыларға күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларын сақтау талаптары түсіндіріліп, жұқа әрі толық қатпаған мұз үстіне шығудың қауіптілігі, сондай-ақ қайықпен және жағалаудан балық аулау кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.
    Құтқару кеудешелерін пайдалану, байланыс құралдарының болуы, мұз толық қатпайынша оның үстіне шықпау, сондай-ақ көріну деңгейі нашар және ауа райы қолайсыз болған жағдайда балық аулаудан бас тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Құтқарушылар азаматтарды сақ болуға, өз өмірлеріне қауіп төндірмеуге және қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады!
    Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары