«Болашақ үшін ағаш отырғызайық» акциясы өтті

    Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы аясындағы «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» акциясына қатысты. Акцияның мақсаты - "Таза Қазақстан" бастамасын қоғамда кеңінен насихаттау және ілгерілету.
    Аумақтарды көгалдандыру және табиғатты сақтау жауапкершілігін қалыптастыру. Отырғызылған әрбір ағаш - экологиялық ахуалды жақсартуға қосылған үлес әрі болашақ ұрпаққа деген қамқорлықтың белгісі.
    Іс-шараға облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, қала әкімі, облыстық басқарма басшылары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің және «Әділет» партиясы филиалының еріктілері - барлығы 150-ден аса адам қатысты.
    275 түп тал отырғызылды, оның 25-і - арша және 250-і - терек көшеті.
    Акция аясында барлық ауданда тал егу шаралары өткізілді. Оған 9163 адам қатысып, 5875 түп көшет отырғызылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Тартоғай ауылдық округі әкімдігі" жаңалықтары