ВАКЦИНАЦИЯ — БОЛАШАҚТЫ ҚОРҒАУ!

    Вакцинация — денсаулық кепілі және жарқын болашақтың негізі

    Вакцинация — адам денсаулығын қорғаудың, қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алудың және олардың таралуын болдырмаудың ең тиімді әрі маңызды тәсілдерінің бірі. Ол қоғамның эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, балалар мен ересектердің денсаулығын сақтауға бағытталған.

    Вакциналар ағзаның иммундық жүйесін белгілі бір жұқпалы ауруларға қарсы қорғаныс қалыптастыруға үйретеді. Соның нәтижесінде адам ауру жұқтырған жағдайда инфекцияны жеңіл өткеруі немесе аурудың ауыр асқынуларының алдын алуға мүмкіндік алады.

    Вакцинация қандай аурулардан қорғайды?

    Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізілетін профилактикалық екпелер бірқатар қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі. Олардың қатарында:

    - Қызылша;
    - Қызамық;
    - Полиомиелит;
    - В вирустық гепатиті;
    - Менингококк инфекциясы;
    - Адам папилломасы вирусы (АПВ) және басқа да жұқпалы аурулар бар.

    Балаларды уақытылы вакцинациялау олардың иммунитетін қалыптастыруда ерекше маңызды. Сонымен қатар екпе жұқпалы аурулардың қоғам ішінде таралу қаупін азайтып, айналамыздағы адамдардың, әсіресе денсаулығына байланысты екпе ала алмайтын азаматтардың қорғалуына ықпал етеді.

    Ата-аналарға маңызды!

    Балалардың профилактикалық екпелерін Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес уақытылы алуына назар аудару қажет. Екпе алдында медициналық тексеруден өтіп, вакцинацияға қатысты барлық сұрақтар бойынша учаскелік дәрігерден кеңес алған жөн.

    Денсаулық — адам өміріндегі ең басты құндылық. Оны қорғау әрқайсымыздың өз қолымызда. Вакцинацияға жауапкершілікпен қарау арқылы біз өз денсаулығымызды ғана емес, жақындарымыздың және бүкіл қоғамның қауіпсіздігін де қамтамасыз етеміз.

    Дені сау бала — жарқын болашақ!

    Бірге дені сау ұрпақ тәрбиелеп, қауіпсіз әрі салауатты қоғам қалыптастырайық!

    «Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ" жаңалықтары