Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру мақсатында «Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметкерлері арасында жоспарлы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі талаптары, ұжымдағы және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық нормалары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету және лауазымдық міндеттерді атқару кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеуге, ашықтық мәдениетін қалыптастыруға және әрбір мемлекеттік қызметшінің дербес жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылды.
«Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








