Шахтинск қаласында туристік көпсайыстан өңірлік жарыс өтеді

    2026 жылғы 20–22 қараша аралығында Шахтинск қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған туристік көпсайыс (тау туризмі) бойынша жасанды рельефте (жабық ғимаратта) өңірлік жарыс өтеді.

    Жарыс Шахтинск қаласындағы Оқушылар сарайының № 2 корпусында (ОӨК) ұйымдастырылады.

    Аталған жарысқа Семей, Астана, Қостанай, Қарағанды қалаларынан және басқа да өңірлерден спортшылардың қатысуы күтілуде.

    Жарыс барысында қатысушылар жасанды өрмелеу рельефіндегі түрлі кедергілерден өту кезінде өздерінің физикалық дайындығын, төзімділігін, ептілігін, техникалық шеберлігін және спорттық әлеуетін көрсетеді.

    Мұндай жарыстар туристік-спорттық қозғалысты дамытуға, жастар арасында тау туризмін кеңінен насихаттауға, сондай-ақ спортшылардың шеберлігін арттырып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қатысушылардың бойында табандылық, тәртіп, жауапкершілік және өзара көмек көрсету қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Шахтинск қаласында осындай өңірлік жарыстың өткізілуі қаладағы спорттық туризмнің дамуына және жас спортшылардың жаңа жетістіктерге ұмтылуына серпін береді.

    Барлық қатысушыларға сәттілік, тартысты бәсеке, жоғары нәтиже және жарқын жеңістер тілейміз! Әрбір бағындырған бағытыңыз жаңа биіктерге жетелесін!

    «Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ" жаңалықтары