Спорт саласындағы мемлекеттік қызметтер!

    1 / 4

    Дене шынықтыру мен спортты дамыту – қоғамның салауатты өмір салтын ұстануы мен ұлт денсаулығын нығайтудың басты кепілі.Елімізде спортшылар мен сала мамандарының жетістіктерін ресми түрде бекітіп, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау мақсатында жергілікті атқарушы органдар арнайы мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

    Шахтинск қаласында бұл бағыттағы жұмыстарды «Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.Аталмыш государственный орган тарапынан төмендегі спорттық разрядтар мен біліктілік санаттары беріледі:

    ·Спорттық разрядтар:2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы.

    ·Біліктілік санаттары:біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы және спорт төрешісі.

    Қызмет көрсету шарттары мен мерзімдері

    ·Құжаттарды қабылдау:«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (eGov.kz) арқылы жүзеге асырылады.

    ·Қызмет көрсету мерзімі:10 (он) жұмыс күні.

    ·Құны:Қызмет көрсету тегін түрде атқарылады.

    ·Қызмет нәтижесі:Жасөспірімдік разряд беру туралы куәлік, біліктілік санатын беру туралы куәлік немесе тиісті бұйрықтың көшірмесі, ал бас тартылған жағдайда дәлелді жауап беріледі. Дайын құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі.

    Уақытыңызды үнемдеңіз -қызметті электронды түрде алыңыз!

    Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу артық уақыт шығынын болдырмайды. Арнайы кезекте тұрмай, үйден немесе жұмыс орнынан шықпа-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен eGov.kz порталы арқылы өтініміңізді бірнеше минутта жолдай аласыз. Цифрлық формат – жылдамдықтың, ашықтықтың және ыңғайлылықтың кепілі!

    Қосымша ақпарат алу үшін:Қосымша сұрақтар бойынша «Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласа аласыз.Мекенжайы:Шахтинск қаласы,Казахстанская көшесі, 101.Байланыс телефоны: 8 (72156)54160.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ" жаңалықтары