17–18 қараша күндері Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ш. З.Харисовты еске алуға арналған 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Республикандық турнир өтті. Бұл беделді жарыс елдің түкпір-түкпірінен ең мықты жас палуандардың басын қосты.
92 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Шахтинск қаласының тұрғыны Алмаз Қалдарбек жоғары дайындық пен мықты жігер танытып, қарсыластарының бәрін басып озып, алтын медальға ие болды және жарыстың чемпионы атанды! 🥇
Спортшыны жаттықтырушы — Андрей Михайлович Власюк.
Алмаз бен оның бапкерін осы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік шындарды бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!
«Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








