Алматыда Хорватияның Құрметті консулдығының ашылуы

    1 / 7

    Алматы, 2026 жылғы 23 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Хорватия Республикасының Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға Хорватия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабанович да қатысты. Өз сөзінде, Елші Қазақстан мен Хорватия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын атап өтіп, Құрметті консулдықтың ашылуы гуманитарлық және мәдени байланыстарды нығайтуға, туризмді дамытуға, академиялық алмасулар мен бизнес-бастамаларды қолдауға ықпал ететінін атап көрсетті. Соңында, Ж. Әбдрашов Хорватияның Қазақстандағы Құрметті консулы Гаухар Каппароваға екі ел арасындағы достық және өзара тиімді байланыстарды одан әрі тереңдетуде табыс тіледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі" жаңалықтары