1 / 5
Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов Мақтаарал ауданының білім беру ұйымдарының басшылары мен білім саласының қызеткерлеріне аудандық білім бөлімінің жаңа басшысы Ниязбеков Асылбек Арыстанбекұлын таныстырды.
Кездесу барысында облыстық білім басқармасының басшысы ауданның білім беру жүйесін одан әрі дамыту, білім сапасын арттыру және білім беру ұйымдарының жұмысын жетілдіру бағытындағы негізгі міндеттерге тоқталды.
Ол өз сөзінде білім саласындағы басқару жұмыстарының жауапкершілігі жоғары екенін атап өтіп, жаңа басшының алдында тұрған маңызды міндеттерді айқындады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда білім беру жүйесінің басты мақсаты – оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, мектептердегі оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру ұйымдарындағы тәртіп пен жауапкершілікті күшейту, педагогтерге қолайлы жұмыс жағдайын қалыптастыру және білім сапасының нақты нәтижелеріне қол жеткізу маңызды бағыттардың қатарында екенін жеткізді.
Ғ.Орынов жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, ауданның білім беру саласын дамыту жолында ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге, ортақ мақсаттарға жұмыла отырып, нақты нәтижелерге қол жеткізуге тапсырма берді. Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің жаңа басшысы А.Ниязбеков өзіне білдірілген сенім мен жүктелген жауапкершілікті жоғары бағалайтынын жеткізді.
Асылбек Арыстанбекұлының еңбек жолы білім саласымен тығыз байланысты. Ол кәсіби қызметін тарих және география пәндерінің мұғалімі болып бастап, ұстаздық қызметте мол тәжірибе жинақтаған. Кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, білім беру ұйымдарындағы басқару жұмыстарының қыр-сырын меңгерген. Сондай-ақ, бірнеше білім ордасында мектеп директоры қызметін атқарып, білім беру мекемелерін басқару, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және ұжыммен жұмыс жүргізу бағыттарында тәжірибе қалыптастырған.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






