Микробқа қарсы резистенттілікпен (АМР) күрес мәселелеріне арналған халықаралық конференция

    19–20 қараша күндері Астанада микробқа қарсы резистенттілікпен (АМР) күрес мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтуде. Конференцияға денсаулық сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет және ветеринария саласының мамандары, ауыл шаруашылығы өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысуда.

    Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен: басшы орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова, ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы Ғазиза Қуатқызы Сүлеймен қатысты.

    Күн тәртібінде антибиотиктерді ұтымды қолдану, микробқа қарсы резистенттіліктің алдын алу және оны тежеу, инфекциялық бақылау, сондай-ақ медицина, ветеринария, ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларын біріктіретін «Біртұтас денсаулық» (One Health) тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қарастырылуда.

    Конференцияның мақсаты - өңірлік ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және микробқа қарсы резистенттілікке тиімді қарсы тұруға бағытталған практикалық шешімдерді әзірлеу.Біртұтас денсаулық - ортақ іс-әрекет!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары