Біртұтас денсаулық, біртұтас іс-қимыл: микробқа қарсы төзімділіктің алдын алуды дәл қазір бастайық

    Қазіргі әлем бұрын-соңды болмаған өзара тәуелділік деңгейімен ерекшеленеді. Өмірлік маңызы бар дәрілік препараттардың тиімділігі, азық-түлік өндірісі, экономиканың жағдайы және қоршаған ортаның жай-күйі – мұның барлығы бір-бірімен тығыз байланысты.

    Дәріге төзімді патогендердің пайда болуы мен таралуы адамдар мен жануарлардың денсаулығына, азық-түлік қауіпсіздігіне, экономикаға және тұрақты дамуға әсер етеді. Сонымен қатар қоршаған ортаның жай-күйі де осындай ауру қоздырғыштарының пайда болуына және таралуына ықпал етеді.

    Микробқа қарсы төзімділік (бұдан әрі – МҚТ) – болашақтың мәселесі емес, қазіргі таңдағы нақты жаһандық қауіп.

    Микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселесі туралы хабардарлықты арттырудың дүниежүзілік апталығы – бүкіл әлемде МҚТ туралы білімді таратуға, дәріге төзімді инфекциялардың пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі күш-жігерді жандандыруға бағытталған халықаралық науқан. Ол жыл сайын 18–24 қараша аралығында өткізіледі.

    МҚТ бактериялар, вирустар, патогенді саңырауқұлақтар мен паразиттер оларды жоюға арналған дәрілік препараттарға сезімталдығын жоғалтқан кезде пайда болады. Дәріге төзімділіктің таралуына қарай микробқа қарсы дәрілік заттар – антибиотиктер, зеңге қарсы, вирусқа қарсы және паразиттерге қарсы препараттар – өз тиімділігін жоғалтады. Соның салдарынан инфекциялық ауруларды емдеу барған сайын қиындап, тіпті мүмкін болмай қалуы ықтимал.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары