Эпидемиологиялық жағдай және ЖРВИ алдын алу мәселелері бойынша брифинг өтті

    Ағымдағы жылдың24 қарашасындаАлматы қаласы Ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ алаңындаЖРВИ және эпидемиологиялық жағдай тақырыбында брифинг ұйымдастырылды.

    Брифингке Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова қатысты.

    Гаухар Сұлтанқызы Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама оқып, сақтық шараларын сақтау бойынша бірқатар ұсынымдар берді.

    Сондай-ақ брифингкеБалалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Ержан Болатбекұлы Сералинжәне И.С.Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Айгүл Кәметқызы Абдрахмановақатысып,аурушаңдық деңгейі мен медициналық қызметтің дайындығытуралы кеңінен баяндап, бірқатар ұсынымдар берді.

    Брифинг соңында, спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына толықтай жауаптар беріп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға қатысты бірқатар кеңестер берді.

    Толық брифингті төмендегі сілтеме арқылы көруге болады:

    https://www.youtube.com/live/gJotwcNHNbg?si=pMwkjq1aaguNGvN1

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары